3290

«Үстел құны – 120 000 еуро»: Назарбаевтың немересі Нұрәлі мен шөбересі Алан Франциядағы қайырымдылық кешке қатысты (ФОТО)

Тауман Нұрсұлтанұлы мен Нұрәлі Әлиев Каннда өткен қайырымдылық шарасында көзге түсті.

«Үстел құны – 120 000 еуро»: Назарбаевтың немересі Нұрәлі мен шөбересі Алан Франциядағы қайырымдылық кешке қатысты (ФОТО)
instagram.com/imnurali/

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Францияның Канн қаласында өткен Knights of Charity («Мейірім рыцарлары») атты дәстүрлі қайырымдылық кешінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары да көзге түсті. Атап айтқанда, кешке оның немересі Нұрәлі Әлиев пен шөбересі Алан Әлиев қатысты. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Нұрәлі Әлиев гала-кештен бірнеше фотосуретті өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Ауқымды шара 17 шілде күні әйгілі Круа-де-Гард сарайында өтті. Knights of Charity – жыл сайын ұйымдастырылатын, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар мен ықпалды бизнесмендер жиналатын беделді кештердің бірі. Биыл бұл кеш төртінші рет өткізіліп отыр.

Кештің басты қонақтарының бірі ретінде Йорк герцогинясы Сара Фергюсон келіп, жарқын образы арқылы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Шараға келгендерді әйгілі итальяндық тенор Андреа Бочелли мен америкалық әнші Робин Тик көңіл көтеріп, ән салды.

БАҚ мәліметінше, биылғы шара барысында бірнеше балалар қорына едәуір сома жиналған.

Назарбаевтардың бұл кешке қандай мәртебемен қатысқаны белгісіз. Бірақ мұндай кешке шақырылғандардың тек жай орынға бронь жасауының өзі кемінде 12 мың еуроға (6 миллион теңгеден астам) түссе, жұптарға 33 мың еуро. Ал 12 адамдық бір үстелдің бағасы 120 мың еуродан бастап 200 мың еуроға дейін жетеді. 

Нұрәлі Әлиев пен Алан Әлиев қанша ақша төлеп қатысқаны әзірге жарияланған жоқ.

Материал авторы